Телефон:

+7 (7252) 92-19-19

+7 (7252) 95-60-77

 

 

|

 

 

 

     М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінде 2017 жылдың 13 сәуірінде «Кәсіптік білім – келешек кепілі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты колледж және кәсіпорын арасындағы байланысты нығайту, сапалы мамандар даярлаудың мүмкіншіліктері мен инновациялық әдіс-тәсілдермен таныстыру, ой бөлісу, пікірлесу. Семинарға ОҚО әдістемелік кабинеті ТжКБ бөлімінің әдіскері Г.А.Байназарова, ТД-16 машинист инструкторы Т.М.Салимбаев, «Қазықұрт» станциясының бас маманы  А.С.Успанов,  қала колледждерінің 18 арнайы пән оқытушылары мен әдіскерлері, колледждің оқытушылары қатысты. Семинардың ашылуында колледж директоры Е.Д.Тоимбетов семинар бағдарламасымен таныстырып, ОҚО әдістемелік кабинеті ТжКБ бөлімінің әдіскері Г.А.Байназарова «Кәсіптік білім – келешек кепілі» тақырыбында өз баяндамасын жасады.

Семинар барысында қатысушылар кәсіпорындарға саяхат жасап, колледждің арнайы пән оқытушылары Б.Г.Султанов, Ф.Ф.Мирзаев, К.Т.Керимбаевтың кәсіпорындардағы оқу кабинеттерінде өткізілген  панорамалық сабақтарына қатысты.

Семинар қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, өткізілген панорамалық сабақтарды талдап, жасалған баяндамаларға өз бағаларын берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Copyright © 2017 КАЗАТК Шымкент