Телефон:

+7 (7252) 92-19-19

+7 (7252) 95-60-77

 

 

|

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

     Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

         Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

         Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой!

                          Қайырмасы:

                       Менің елім, менің елім,

                       Гүлің болып егілемін,

                       Жырың болып төгілемін, елім!

                       Туған жерім менің, Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

                               Қайырмасы:

 

 

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚазККА ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ

 

ҚҰРМЕТТI СТУДЕНТІ!

 

Осы басылым білім алушылар үшiн анықтама және М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің студенттiк өмiрге жол сілтеушi болып табылады. Анықтама - жол сілтеуiшiсі колледждің  құрылымы, бөлiмдер мен бөлiмшелердің орналасқан жері мен телефондары туралы ақпарат бередi.  Сонымен бiрге, Сiз анықтама - жол сілтеушісінде колледждегі оқу үдерісінде кезігетін сұрақтарға жауаптар таба аласыз. Бiздiң колледжде бейiмделу үдерісінде «Студенттiң анықтама-жол сілтеушісі» Сiздiң сенiмдi көмекшiңіз болады деп үмiттенемiз. Оқу бағыттары туралы, оқудан тыс уақытта студенттер өмiрiнiң спорттық және мәдени мүмкiндiктерi туралы, бiздiң колледждің стратегиялық даму жоспарлары туралы толық ақпарат алуға, сонымен бірге профессор-оқытушы құрамының жеке және зияткерлiк біліктілігін бағалауда Сiзге http://shymkent-kazatk.kz  колледж сайты көмектеседi.

 

Сапалы білім – табысты мансапқа жетелейтін жол

 

Колледж туралы жалпы мәлімет

 

     М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының ЖШС Шымкент көлік колледжі «Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №596 қаулысына сәйкес академия филиалы негізінде 28.08.2007 жылы ашылды.

     Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасынан Шымкент көлік колледжі 2007 жылы, шілденің 23 күні мемлекеттік тіркеуден өткен. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 26745-1958-ЖШС. Бизнес сәкестендіру нөмері: 070740005484.

     Оқу мекемесінің тұрған жері (мекен жайы): Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ж.Аймауытов көшесі, 1, телефон (факс) 8725292-19-19, электрондық адрес - [email protected]

     Қазақстан Республикасы статикалық агенттігі 2007 жылы, шілденің 2 күні Шымкент көлік колледжіне статикалық карточка берген. КҰЖС мемлекеттік сынаптаушы бойынша коды: 41134994.

     Шымкент көлік колледжіне Оңтүстік Қазақстан облысының білім департаментімен 2007 жылдың 28 тамызында сериясы АБ №0038305 мерзімі шексіз мемлекеттік лицензиясы берілген.

     ОҚ облысының білім департаменті сериясы АБ №0038305 мемлекеттік лицензиясына №0063701 қосымшасымен 3 мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуді Шымкент көлік колледжіне рұқсат берген: 2105002 - «Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша)»; 2807002 - «Темір жол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық күту»; 0705002 - «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит (салалар бойынша)».

     Сериясы АБ №0038305 мемлекеттік лицензиясына №0063702 қосымшасымен 2 мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуге рұқсат берілген: 3005002 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (әр сала бойынша)»; 3602002 - «Автоматика, телемеханика және көліктегі қозғалысты басқару (көлік түріне қарай)».

     Мамандықтар жіктеуішісінің өзгеруіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы колледжге сериясы АБ №0038305 мемлекеттік лицензиясына №0105663 қосымшасымен аталған 5 мамандықтар бойынша білім беру қызметінін жүргізуге рұқсат берген: 1108000 - Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); 0518000 - Есеп және аудит (салалар бойынша); 0904000 - Темір жолдардың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; 1303000 - Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару; 1203000 - Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

     Осы мамандықтардардан басқа, колледждің ұсынысымен, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы сериясы АБ №0038305 мемлекеттік лицензиясына №0105651 қосымшасымен 2 мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуге берді: 1306000 - Радиотехника және байланыс; 1409000 - Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.

 

     0518000 - Есеп және аудит мамандығы бойынша студенттер контингенті болмау себебіне байланысты, колледжде білім беру қызметі жүргізілмеді. 2016 жылы колледждің өз өтініші негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген сериясы АБ №0038305 мемлекеттік лицензиясына №0063701 қосымшасы ОҚО білім саласындағы Бақылау департаментіне қайтарылды.

 

     Қазіргі таңда колледжде күндізгі және сыртқы білім беру қызметі 6 мамандық бойынша жүргізіледі:

     1. 0904000 «Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану», біліктілігі: 090403 3 «Электромеханик»;

     2. 1108000 «Темір жолының жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту», біліктілігі: 110818 3 «Техник-электромеханик»;

     3. 1203000 «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», біліктілігі: 120309 3 «Тасымалдауды ұйымдастырушы техник»;

     4. 1303000 «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару», біліктілігі: 130304 3 «Электромеханик»;

     5. 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс», біліктілігі: 130612 3 «Техник-радиотехник»;

     6. 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», біліктілігі: 140905 3 «Техник-жолшы-құрылысшы».

 

     Шымкент көлік колледжінің КР министрлістрлігінің оқу мекемесіне «Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру орындарындағы оқыту, пайдалану және сақтау жағдайларының санитарлық - эпидемиолгиялық талаптары» 3.08.2010 жылғы № 594  нормалары мен ережелеріне сай Шымкент қаласының санитарлық-эпидимиологиялық басқармасы әр оқу жылында тексерістен өткізеді.

     15.08.2014ж №938 қаулысы негізінде ҚР төтенше жағдайлар министірлігінің ОҚО төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Шымкент көлік колледжі ЖШС-ның оқу бөлмелері өртке қарсы талаптарға сай екендігі туралы жоспарлы және жоспардан тыс тексерістерден өткізеді.

     Студенттерге алғашқы медициналық қызметті колледждің штатындағы медбике көрсетеді. Колледждің 2011 жылғы 20 шілдеде ОҚО денсаулық сақтау басқармасы берген сериясы №0011198DX медициналық және дәрігерлік қызметке арналған мемлекетік лицензиясы бар. Мемлекеттік лицензиясына №3094 қосымшасымен дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық қызметін жүргізуді Шымкент көлік колледжіне рұқсат берілді.

 

Колледж миссиясы, көрінісі, басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары

 

     Миссиясы: Еңбек нарығында Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның экономикасын және өндірістік-әлеуметтік деңгейін көтеруде, темір жол саласында жаһандық бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейлі теориялық және тәжірибелік дағдыларды қалыптастырған, инновациялық технология мен озық іс-тәжірибені пайдалану негізінде білікті мамандар дайындай отырып, тәжірибелік өмірде, экономикалық қызметте және қоғамдық қатынастарда сұранысқа ие алдыңғы қатарлы колледждер санатына қосылу.

     Көрінісі: М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі – темір жол саласында кәсіптік тәжірибені толық меңгертетін, әлеуметтік жауапкершілікті көтеру негізінде білімнің  қазіргі парадигмасын ілгерілету үшін  барлық  әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайтатын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымының оқу мекемесі.

 

Колледж білім беру үдерісінің басымдық мақсаттары:

 

     - бүгінгі қоғам дамуында қалыпты тұжырымға негізделген білім беру әдістері мен ұстанымдарының қалыптасуы, дамуы және жүзеге асырылуы;

     - қоғамның қалыпты дамуындағы ұстанымдар мен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде өмір сүру және жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал жасау;

     - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және мәдени, интеллектуалды қажеттіліктерін өтеуге жағдай жасау;

     - отандық және шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттің қажеттілігіне, сұранысына жауап беретін білім беру мен тәрбие жүйесін қалыптастыру;

     - демографиялық, саяси, экономикалық, аймақтық және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жобалар жасайтын және оны жүзеге асыра алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлар, сондай-ақ бастауыш, кәсіби, орта кәсіптік білімді мамандар даярлау;

     - ғылыми-тәжірибелік талдамалармен, бағдарламамен қамтамасыздандыруды жүзеге асыру;

 

Колледждің стратегиялық бағыттары (СБ) мен мақсаттары (СМ)

 

     1 СБ: Сапалы білім беру қызметтерін және бәсекеге қабілетті кәсіптік мамандар даярлауды қамтамасыз ету.

     1.1СМ: Біліктілігінің деңгейі бойынша дамып отырған ішкі нарық мұқтаждықтарына және халықаралық стандарттар мен талаптарына жауап бере алатын кәсіби мамандарды дайындау.

     2 СБ: Өңірдің және елдің экономикасы мен әлеуметтік саласы басымдық салаларын қамтамасыз ету.

     2.1 СМ: Өңірдің және елдің тұрақты инновациялық дамуы үшін білім берудің инновациялық технологияларының бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа ие болуына қол жеткізу.

     3 СБ: Адам капиталының маңызды сипаттамалары ретінде маманның бойында азамат және патриот, тарихи үрдісті жасаушы және өзінің өзектілігін дамыта білетін тұлға қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

     3.1 СМ: Кәсіптік және әлеуметтік құзыреттілігіне ие азамат пен патриоттың өзіне сенімді және бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеу.

 

Колледж  студентіне арналған ішкі тәртіп ережелері

Студент құқылы:

– мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде және ақылы негізде білім алуға;

– оқу түрлерін таңдауға;

– оқу үдерісіне қатысуға қажетті ақпаратты еркін алуға;

– ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға;

– мәдени іс шараларға қатысуға;

–– бос уақытында оқуды еңбекпен ұйымдастыруға;

– оқудағы, ғылыми және шығармашылық жетістіктері үшін ынталандыру шараларына ұсынылуға;

– Колледждің студенттік өзін-өзі басқару органы – Жастар Комитетінің жұмысына қатысуға;

– ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдерін бұздыру туралы шағым беруге.

Студент міндетті:

– ҚР Конституциясы мен заңдарын, колледждің Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін, жатақханада тұру Ережелерін және басқа да нормативтік актілерді сақтауға;

– ҚР мемлекеттік рәміздерін, ұлттық мәдениетті, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттілігін қадірлеуге және құрметтеуге, колледж дәстүрлерін мұқият сақтап, молайта түсуге;

– елдегі тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған ақпаратты таратпауға, рұқсат берілмеген жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, ереуілдерге қатыспауға;

– ұқыпты, таза, киім үлгісімен киінуге міндетті;

– сабақтың барлық түрлеріне кешікпей, оқу кестесіне сәйкес қатысуға;

– сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіріп қоюға;

– сабақ үстінде сөздерімен, жүрісімен оқытушыға бөгет жасамауға;

– оқу үдерісіне белсенді қатысуға;

– денсаулығына немесе басқа да дәйекті себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге;

– оқу тобының, курстың жұмысына қатысуға ұмтылуға;

– оқу пәндері бойынша СӨЖ-ін жасауға;

– колледж мүлкіне, кітапханалық-ақпараттық және басқа да ресурстарға ұқыпты болуға;

– оқу үдерісі үстінде тамақ ішпеуге;

– оқу ғимараттарында шылым шекпеуге, ластамауға, сағыз шайнамауға, тәртіп пен тазалық сақтауға;

– колледж жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелерін сақтауға.

 

Колледж ғимаратында қатаң тыйым салынады:

– сырт және бас киіммен жүруге;

– сабақ үдерісі кезінде аудиторияда немесе коридорда қатты сөйлеуге, балағат сөздер айтуға, шулауға;

– оқу ғимаратында темекі шегуге, алкогольдік сусындар ішуге, нашақорлық немесе токсикологиялық күйде жүруге, наркотик немесе психотропты заттарды таратуға;

– колледждің мүлкіне зиян келтіруге, рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынады.

 

БІЗДІҢ ДӘСТҮР

 

     Сіз, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны – М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің студенті атандыңыз. Алдағы оқу жылдары ішінде ол Сіздің екінші үйіңіз болып кетеді. Колледж табалдырығын аттаған жағдайда, жалпыға ортақ арнайы тәртіп ережелерімен жүру керек. Оларды сақтау – табыс пен түсіністіктің кепілі.

     КОЛЛЕДЖГЕ ЖИНАҚЫ КИІНІП КЕЛІҢІЗ – себебі, Сіздің сырт келбетіңізге қарап, білім алуға келген студент екеніңізді кез-келген адам түсіну керек. Кішкене құпияны аша кетсек: жинақы киінген студент ұстаздар мен ко қызметкерлері тарапынан түсіністік пен ыстық ықыласқа ие болады. Киім кигенде шектен тыс ашық түсті киінбеуге тырысыңыз. Қыз балаларға косметика мен бұйымдарды шектен тыс қолданбауға кеңес береміз.

     ЖАН-ЖАҒЫҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРҒА СЫЙЛАСТЫҚ ТАНЫТЫҢЫЗ – егер кіре/шыға беріс есікте көп адамдар жиналып қалса, жігіттер қауымы қыз балаларға жол беруі керек, ал студенттер – колледж қызметкерлерін өткізіп жіберуі тиіс. Егер дәл сол уақытта Сізден емтихан қабылдайтын мұғаліміңізге жол берсеңіз Сізден асқан сыпайы адам жоқ!

     Коридорда ары-бері жүгіруге, кез-келген жерге отыра салуға болмайды. Егер сізге шұғыл түрде жұмыс жасауға, сабақ орындауға орын керек болса кітапхананың есігі әрқашан ашық. Көпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сөйлесуге, барлық дауыста музыка тыңдауға тыйым салынады.

     ВАХТАДАН ӨТЕРДЕ күзет қызметкеріне бейджигіңізді немесе жеке бас куәлігін көрсетуді ұмытпаңыз. Колледжге келудегі мақсатыңызды айтыңыз. Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз куолледжге кіре алмайсыз. Көпшілік ортада романтикалық қатынастарыңызды ысырып қойыңыз. Себебі, бұл Сіздің айналадағы адамдарға сыйластықпен қарамайтындығыңызды көрсетеді.

     КІММЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕКТІГІН ҰМЫТПАҢЫЗ: өз ойыңызды анық жеткізіңіз, жаргон сөздерді қолданбауға тырысыңыз! Оқытушымен сөйлескенде өте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен қатар, колледжде қалай болса солай сөйлеуге болмайтынын ескертеміз!

     САБАҚҚА УАҚЫТЫНДА КЕЛІҢІЗ: студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып,кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Рұқсат алған жағдайда жылдам және студенттердің назарын өзіңізге аудармай орныңызға барып отырыңыз. Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды өшіріп қоюды ұмытпаңыз. Сабақ үстінде бөгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты сөйлеу, музыка тыңдау сабақ өтуге кедергі келтіреді. Егер Сіздің оқытушыға қояр сұрағыңыз болса қол көтеріп сұрай беріңіз.

     ОҚУ ҒИМАРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ САҚТАҢЫЗ – колледжде кез-келген қоқысты тастауға арналған орындар бар. Колледж қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсететін суреттер салуға, шимайлауға тыйым салынады. Бұл Сіздің тәрбиесіздігіңізбен қатар, университетті материалдық шығынға ұшыратасыз. Колледж рұқсат берілмеген хабарландыруларды ілуге тыйым салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат ілгіңіз келсе, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасардан рұқсатын алу қажет. Колледжде темекі шегуге тыйым салынады. Бұл ережені сақтау қатаң бақыланады, ереже бұзғандарға тәртіп жөніндегі қатаң жаза қолданылады. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішкен күйде жүруге тыйым салынады.

     Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады.

Қандай жағдай болмасын, Сіз М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің студенті атанып, өмірдің бір сатысына көтерілдіңіз!

СІЗДІҢ КӨМЕГІҢІЗБЕН БІЗ МЫҚТЫ БОЛАМЫЗ!

 

Жастар Комитеті

 

     Жастар Комитеті – студент жастардың тұрмыс, оқу, бос уақытын ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын, оларға әлеуметтік қолдау көрсететін бастамашыл, инновациялық, тәуелсіз, жауапкершілігі мол студенттердің қоғамдық қызметі.

     Жастар Комитетінің қызметі студенттік өмірді жарқын және әсерлі ететін көптеген іс-шараларды, акциялар мен сайыс бағдарламаларын құруға және іске асыруға бағытталған. Бұл жерде студенттер ұйымдастыру шеберлігіне үйреніп қана қоймай өздерінің достары мен құрдастарының таланттарын ашуға көмектеседі.

 

     Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары:

– студенттер бойында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, оларды заманауи қоғамда маңызды проблемаларды шешуге белсенді түрде ат салысуға шақыру;

– колледж студенттерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау және өкілеттілік жасау;

– студенттердің мәдени, шығармашылық, ұйымдастырушылық қажеттілігіне жағдай жасау.

 

     Жастар Комитеті жұмысының негізгі бағыттары:

– колледж студенттерінің бойында патриоттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Біздің колледждің тәрбиеленушісі біздің оқу орнының, біздің қаламыздың, біздің мемлекетіміздің патриоты екенін мақтанышпен сезінуі тиіс;

– студенттердің мүдделерін Колледждің құрылымдық бөлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау;

– колледждің әр түрлі қызмет шеңберінде студенттердің бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларды жасау және іске асыру;

– белсенді студенттер дайындау;

– студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру;

– студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу;

– Колледж студенттерін колледждің спорттық өміріне тарту;

– студенттердің ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;

– ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік, жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамыту;

 

     Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді оқу ғимаратында Жастар ұйымы кабинетінде күтеміз. Біздің есігіміз сіздерге әрқашан ашық!

 

Студенттің бос уақыты

 

     Колледжде сабақ уақытында және де бос уақытта Өзіңізді біздің ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер Сіздің бойыңызда көшбасшылық қабілет болса,онда  Сіз өзіңізді топ старостасы ретінде, топтағы, колледждегі мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде өз қабілетіңізді көрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.

     Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар Комитетіне келіңіз. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, талап-тілегіңізді тыңдап қана қоймай, Сізге қызықты жұмыстар тауып береді, талантыңызды ашуға көмектесіп, жаңа студенттік жобалар Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асып жатады.

     Колледждің спорттық өмірі спорттық іс-шаралардың дамуына бағытталған, студент-спортсмендердің спорттық шеберлігін шыңдауға арналған оқу-тәрбиелеу процесінің жалғасы болып табылады. Студенттер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жеңімпаз, чемпиондар атанып жатады. Спортсмендер қаламыздағы әр түрлі спорттық жарыстарға қатысып спорттың дамуына өзіндік үлестерін қосады. Жеке спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады.

     Есіңізде болсын: осының бәрі Сіздің оқу Үлгеріміңіз жоғары деңгейде болғанда ғана жүзеге асады.

 

Оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері

 

     М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің басқару жүйесі ҚР «Білім беру туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырындағы қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережесіне» (19.02.2014ж. толықтырулар мен өзгертулер енгізілген), құрылтайшылық және дара басқару қағидаттарына сай құрылған колледж Жарғысының талаптарына негізделеді.

     Оқу үрдісінің жоспары бойынша білім беру бағдарламасының меңгеру сапасын келесі бақылау формасында көруге болады:

     -ағымдағы үлгерім бақылауы;

     -аралық бақылау;

     - аралық аттестация;

     - қорытынды аттестация;

     - тиісті біліктілік пен кәсіби дайындықтың деңгейін бағалау.

     Студенттердің білімдерін жүйелі тексеру үшін ағымдағы оқу бақылауын пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқытушы күнделікті сабақта өткізеді. Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша емтихан мен бақылау жұмыстарының саны, студентің меңгеруге тиісті құзіреттілік және дағды, білім деңгейіне қойылатын талабының негізінде анықталады.

     Бақылау жұмыстары пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінде жүргізіледі.

     Студенттерді ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау ережелері ҚР БҒМ №125 18.03.2008 ж. (29.08.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) қаулысымен бекітілген және ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген, Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру мекемелері студенттерінің білімін ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережесіне негізделеді.

      Пәндер тізімі, аралық бақылаудың мерзімі мен түрі Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімді ұйымдастырудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес анықталып, оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіліп, оқу жылының басында студенттерге жеткізіледі.

     Студенттерді аралық аттестаттаудан семестр немесе жыл бойы сабақ берген оқытушы өткізеді. Аралық аттестаттауға басқа пәндерден қанағаттандырылмаған бағалары жоқ студенттер қатыса алады. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі емтихан тізімдемесіне, оқу журналына, сынақ кітапшаларына енгізіледі. Аралық бақылауды өткізу барысында бөгде адамдардың (директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары, бақылау комиссия мүшелері, бөлім меңгерушілерінен басқа) кіруіне тыйым салынады. Аралық аттестаттаудан өтпей қалған студенттерге бекітілген уақытта қайта тапсыруға кесте құрылып қайта тапсыруға  рұқсат етіледі.

      Аралық аттестацияға енбейтін пәндер бойынша курс аяқталған соң оқытушы семестрлік бағасы бойынша аттестаттаудан өткізеді. Студенттердің емтихан, сынақ, дифференциалды сынақтағы жауаптары 5 балдық жүйемен бағаланады (5 – «үздік», 4 – «жақсы», 3 – «қанағаттанарлық», 2 – «қанағаттанарлықсыз»).

     Пән және пән аралық курстарымен басқа да кәсіптік модулдің элементтерін меңгергенде білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің үлгерімін ағымдағы бақылау түрлері мынадай:

     Ауызша сұрау - бір немесе бірнеше тақырыптарды  (тарауды) меңгергеннен кейін материалдарды зерттеу бойынша сұрақтарға жауап беру және жағдаяттарды талқылау арқылы бақылау өтеді;

     Жазбаша бақылау - тәжірбиелік тапсырмаларда таңдалған тақырып (тарау) бойынша сұрақтар, есептерді шешу, жағдайларды талдау арқылы бақылау өтеді;

     Аралас сұрау – бір мезгілде бір немесе бірнеше тақырып бойынша ауызша және жазбаша түрде білімдерін бағалау;

     Үй тапсырмалары мен презентацияларын қорғау және таныстыру - білімді бақылау бойынша жеке немесе топ бойынша берілген үй тапсырмаларының дұрыстығын тексеру, орындау дағдыларын қорыту, тақырыптарды кеңейте білу және көпшілік алдында қорғай алу;

     дискуссия, тренинг, дөңгелек үстел – келелі мәселе бойынша сұрақтарды топпен талқылау, топпен жұмыс істеу қабілетін көрсету, шешім қабылдау, өз көзқарастарын қорғау ;

     Тест бақылауы - тапсырмалардың жиынтығының  нақты формалары (ашық, жабық, аралас) және әр түрлі күрделі деңгейлері, білім алушылардың үлгерімін объективті бағалауға мүмкіндік береді

     Емтихан материалдары БӘК отырыстарында қаралады және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітеді. Емтихан ведомосттары, сынақ кітапшалары, қорытынды ведомосттары барлық оқу кезеңінде оларға қойылатын талаптарға сай жүргізіледі. («Білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БМ № 502 бұйрығы 23.10.2007ж )

     Ақпараттық стендте оқу үрдісінің күнтізбелік өткізілу уақыты кезінде оқу-өндірістік және кәсіби тәжірибенің кестесі ілінеді. Бұл ақпарат туралы кураторлық сағаттар мен топ басшыларының отырысында айтылып, студенттерге дәл уақытында жеткізіледі.

     Бір курстың оқу бағдарламасының талаптарын толық орындаған, барлық сынақтарды және емтихандарды тапсырған студент директордың бұйрығы бойынша келесі курсқа көшіріледі.

 

М.Тынышпаева атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің 2016-2017 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі

 

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні

01 қыркүйек Білім күні

01 қыркүйек Теориялық оқудың басталуы

01 қыркүйек Құрбан айт

20 қазан – 25 қазан 1-межелік бақылау

01 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

25-29 желтоқсан 2-межелік бақылау

30 желтоқсан Теориялық оқудың соңы

16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні

30 желтоқсан – 31 қаңтар Қысқы емтихан сессиясы

01-02 қаңтар Жаңа жыл

7 қаңтар Рождество

02 – 21 ақпан Қысқы демалыс

16 ақпан Теориялық оқудың басталуы

08 наурыз Халықаралық әйелдер күні

27 наурыз -4 сәуір 1-межелік бақылау

21-23 наурыз Наурыз мейрамы

24-29 сәуір 2-межелік бақылау

01 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

07 мамыр Отан қорғаушылар күні

09 мамыр Жеңіс күні

1 мамыр – 17 маусым Жазғы сессия

15 мамыр – 1 шілде Жазғы семестрге жазылу

23 мамыр – 30 шілде Жазғы семестр

06 шілде Астана күні

1 шілде – 31 тамыз Жазғы демалыс

 

Медпункт

     Егер сіздің денсаулығыңыз сыр берсе, онда медпункттің есігі әрдайым ашық. Ол оқу ғимаратының

1-қабатында орналасқан. Колледждің медбикесі – Оңғар Айгерим Берикқызы.

 

Кітапхана қызметін пайдаланудың жалпы ережелері

 

     Колледж кітапхана қорында мыңдаған оқулықтар, ғылыми басылымдар жинақталған. Кітапханада электрондық каталог, электронды ресурстар және мақалалар деректер базасы мен кітапхана құжаттары туралы негізгі мәліметтер бар. Электронды оқулықтар мен оқырман залдарында Интернет жүйесінің барлық ресурстарын, сонымен қатар оқулықтардың толық мәтінді деректер базасын, оқу-әдістемелік құралдар мен мақалаларды, электрондық каталогты пайдалану мүмкіндіктері бар.

 

Оқырмандардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершілігі

- кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;

- ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

- библиографиялық және анықтама-ақпараттық қызметтерін пайдалануға;

- уақытша пайдалану үшін оқу залдары мен абонементтерден керекті құжаттарды алуға;

- ақпарат көздерiн iздестiру мен таңдауда кеңесшiлiк қызмет алуға, сонымен қатар Интернет жүйесін пайдалануға;

- алынған құжаттардың қайтару мерзімін ұзартуға құқығы бар.

 

     Оқырмандар кітапханаға кірерде және құжаттарды аларда жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Кiтаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексерiп шығады. Қандай да бiр ақау табылған жағдайда ол жөнiнде кiтапханашыға хабарлайды. Олай болмаған жағдайда кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап бередi.

     Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзiне жазылған басылымдар мен оқырман билетiн кiтапханаға қайтарады. Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен немесе оның көшiрмесiмен, немесе кiтапхана құны бiрдей деп тапқан басылыммен алмастырады.

 

Оқырманға мыналар рұқсат етiлмейдi:

- қызмет бөлмелерi мен кiтап қоймасына рұқсатсыз кiруге;

- кiтапханаға сырт киiммен кiруге;

- кітапхананың ішінде шылым шегуге;

- құмар ойындарын ойнауға;

- тамақ пен сусындар алып келіп ішуге;

- телефонмен сөйлесуге;

- оқу залынан құжаттарды кітапханашының рұқсатынсыз алып шығуға;

- кiтапхана бөлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзуға.

 

Пайдалану ережелерін бұзған оқырмандар кітапхананы пайдалану құқығынан келесі мерзімге дейін айырылады:

- тыныштықты бұзған үшін – 1 айға;

- қызметтік міндетін орындау барысында кітапханашаға тіл тигізгені үшін – 2 айға;

- кітапханашының рұқсатынсыз оқырман залынан кітап алып шыққан үшін – 6 айға;

- кітапхананы пайдалану ережесін бернеше қатар бұзғаны үшін – 1 жылға;

- қасақана басылымдарды бүлдіргені (белгi салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын бүлдіргені) үшін кітапхананы пайдалану құқығынан мүлдем айырылады.

Кітапхананың пайдалану ережелерін өрескел бұзған студенттер жайлі мәліметтер оқу бөліміне беріледі.

 

     Оқырмандарды кітапханаға жазу тәртібі

     Кiтапханаға тіркелуде студенттер төлқұжатын, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшiн – төлқұжатын немесе қызмет куәлiгiн, 3х4 өлшемдi екі фото суретiн өткізуі тиіс. Оқырман билеті барлық абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді.

     Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – 4 жыл. Кiтапхана жыл сайын өзi белгiлеген мерзiмде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттiң бәрiн көрсетуiмен қайта тiркеуден өткiзiп, оқырман билетiн ұзартады. Қайта тiркеуден өтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет көрсетпейдi.

 

     Оқу залын пайдалану қағидалары

     Оқу залында тек қана оқу залы қорынан алынған құжаттармен пайдалануға болады. Оқу залына кірерде оқырман жеке куәлігін міндетті түрде көрсетуі қажет. Энцикплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сөздіктерді сирек кездесетін және құнды басылымдарды, кітаптың жалғыз және соңғы данасын, сонымен қатар, кітапханааралық абонементтен алынған басылымдарды тек қана оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі.

 

     Абонементтi пайдалану қағидалары

     Оқырмандар абонементтерден үйге әдебиеттерді алу үшін, міндетті түрде оқырман билеттерін көрсетіп, сұраныс парағын дұрыс толтырулары, алған кітаптардың формулярларына қол қоюы қажет. Кітап формуляры мен сұраныс парағы оқырманға әдебиет беру және кітапханашының оны қабылдау фактісін растайтын құжаттар болып табылады.

 

Абонементте әдебиет үйге мына мерзiмге:

- оқу әдебиеттері бiр семестрге немесе бір оқу жылына;

- ғылыми әдебиеттер – 5 кiтаптан асырмай – 1 айға;

- көркем әдебиеттер – 3 кiтаптан асырмай – 1 айға.

 

     Топ сабақтарында пайдалану үшiн әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша берiлiп, топтың кезекшi студенттің қол қойуымен тiркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшiн оқытушы жауап бередi.

 

Кітапхананың жұмыс тәртібі

Дүйсенбі - жұма 8-30 –17-00 (үзіліссіз)

Сенбі 8-30 –14-00 (үзіліссіз)

Жексенбі демалыс күн

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.

 

Білім беру қызметінің төлемақы төлеу тәртібі

 

     Оқу ақысын төлейтін валюта түрі мемлекеттік стандартқа сәйкес «теңге» болып табылады. Әр оқу жылына арналған төлемақы ең төменгі есептік көрсеткіштің, баға динамикасының өзгеруін, өкілетті мемлекеттік органдардың білім беру қызметін көрсету жағдайлары мен шығындарын маңызды түрде өзгеріске ұшырататын нормативтік актілер шығаруын, инфляция деңгейінің өзгеруін, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуін ескере отырып өткен жылғы қалыптасқан нақты шығындарға сәйкес өзгеруі мүмкін, оны әр жаңа оқу жылында колледж директоры бекітеді.

 

     Оқу ақысын төлеу төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

     Оқу ақысы қолма-қол кассаға төленеді немесе «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА ШКК» ЖШС есеп айырысу шотына аударылады.

     Студент бірінші күндізгі оқу түріне оқу жылына (колледжге студент ретінде қабылданғанға дейін) жылдық төлемақының кемінде 25% мөлшеріндегі сомасын төлеуі тиіс. Ал қалған бірінші жарты жылдық төлемақысын 25%  мөлшерін бірінші қараша айында, екінші жарты жылдық төлемақының  25% мөлшерін  бірінші қантар айында, ал қалған екінші жарты жылдық төлемақының 25%  мөлшерін бірінші сәуір айында төлеуі тиіс.

     2, 3 курстардағы студенттер бірінші жарты жылдық төлемақының 25%  мөлшерін бірінші қыркүйек айында, ал қалған бірінші жарты жылдық төлемақысын 25% мөлшерін  бірінші қараша айында төлеуі тиіс. Екінші жарты жылдық төлемақының  25% мөлшерін  бірінші қантар айында, ал қалған екінші жарты жылдық төлемақының 25%  мөлшерін бірінші сәуір айында төлеуі тиіс. 4 курс студенттері жылдық төлемақының 25%  мөлшерін бірінші қыркүйек айында төлеуі тиіс,  25% мөлшерін бірінші желтоқсан айында, ал қалған 50% мөлшерін бірінші сәуір айында төлеуі тиіс;

     М.Тынышпаев атындағы КазККА ШКК сырттай бөлімге түскен бірінші жылы немесе оқу жылы ішінде басқа оқу орнынан ауысқан кезде, қайта қалпына орналасқанда немесе академиялық демалыстан оралғанда төлемақы келесі тәртіппен іске асады: Студент бірінші оқу жылына (колледжге студент ретінде қабылданғанға дейін) жылдық төлемақының кемінде 25% мөлшеріндегі сомасын төлеуі тиіс. Ал қалған бірінші жарты жылдық төлемақысын 25%  мөлшерін  бірінші қараша айында, екінші жарты жылдық төлемақының  25% мөлшерін  бірінші қантар айында, ал қалған екінші жарты жылдық төлемақының 25%  мөлшерін  бірінші сәуір айында төлеуі тиіс.

     М.Тынышпаев атындағы КазККА ШКК күндізгі немесе сырттай оқу бөлімінде білім алып Келісім-шартта көрсетілген мерзімде оқу ақысын төлемеген жағдайда, яғни 3 ай мерзімге созылған кезде 50% мөлшерде қосымша қаражат төлейді.

     Студент оқу жылдық төлемінің 100% алдын-ала төлеуге құқығы бар;

     Ерекше жағдайларда колледж басшылығы оқу төлемақысы үшін жеке жеңілдіктер қарастырып, төлемақы төлеу үшін жеке төлеу мерзімдерін белгілей алады.

     Бітіруші курс студенттері оқу жылы барысында тәуелсіз бағалау сапасы (НОК) сынақтарынан қайта тапсырса  қосымша төлем ақы төлейді.

     Егер студент келісім-шарт міндеттемелерін орындамағандығы үшін колледжден шығарылса, ол оқудан шығарылған күнге дейін жинақталған төлемақы қарызын өтеген жағдайда ғана оқуға қайта қабылданады.

     Егерде оқуға қайта қабылданса колледж кассасына немесе «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА ШКК» ЖШС есеп айырысу шотына қосымша мөлшерде ақша төлейді.

     Қарызын ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, қарыз сомасын колледж сот арқылы өндіреді;

     Кезеңдік төлеуде оқу ақысы жылына бір рет ғана өзгеруі мүмкін. Оқу ақысына өзгеріс енгізілген жағдайда келісім- шартқа қосымша тағы да келісімге отырылады.

     Академиялық қарыздарын бекітілген уақытта тапсыра алмаған студент өтпеген тақырыптары бойынша қосымша сабақтарға, консультациялық кеңестерге міндетті түрде қатысып, қосымша аттестациялаудан өтіп, жиналған сағаттарына қосымша төлемақы төлейді.

     Мамандықтар бойынша 3жыл 10ай оқу мерзімі толық 4 оқу жылы болып есептелінеді; 2жыл 10ай толық 3жыл; және оқу ақысы кезеңдік төлеумен толық курсқа төленеді.

     Оқу төлемақысы төленбесе студент сессияға жіберілмейді және оқудан шығарылады. Оқу ақысын төлеу колледждің есеп шотына банктер арқылы келісімшартта көрсетілген соманы аударумен жүзеге асырылады.

     Студенттер қатарына қайта қабылданған немесе академиялық демалыстан қайта келген кезде оқудың төлем ақысы студенттің қайта қабылданған кезіндегі оқу төлемақысының көлемі мен шарттарына байланысты анықталады.

 

2017-2018 оқу жылына арналған мәдени іс-шаралар жоспары


Іс-шаралар атауы
Орындалу
мерзімі
1
1 қыркүйек білім күніне орай мерекелік іс-шара
ұйымдастыру.
Қыркүйек 2017 ж.

2

22 қыркүйек "Тіл мерекесін" колледж көлемінде атап өту.

Қыркүйек 2017 ж.
3
1 қазан қарттар күніне орай жалғызбасты қарттарға көмек
көрсету.

Қыркүйек 2017 ж.

4
Қазанның
алғашқы жексенбісі мұғалімдер күніне арналған "Ұстаз-Ұлы тұлға"
атты мерекелік іс шарасын өткізу.

Қазан 2017 ж.

5
І-ші курс
студенттерін студент қатарына қабылдау салтанатына арналған мерекелік кеш
ұйымдастыру.

Қазан 2017 ж.

6
17 қараша
студенттер күніне орай "Күзгі бал" мерекелік сайысын өткізу.

Қараша 2017 ж.

7
"Тұңғыш
президент" қүніне арналған дөңгелек үстел өткізу.

Желтоқсан 2017 ж.

8
16 желтоқсан
тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік тұғырым" атты іс-шара өткізу.

Желтоқсан 2017 ж.

9
"Жаңа
жыл" мерекесіне орай студенттерге арналған мерекелік кеш ұйымдастыру.

Желтоқсан 2017 ж.

10
"Достық"
клубымен бірге колледждегі өзге ұлт өкілдері студенттерінің қатысуымен көрме
ұйымдастыру.

Ақпан 2018 ж.

11
8 наурыз
"Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған "Аналар-асыл
жандар" атты іс-шара ұйымдастыру.

Наурыз 2018 ж.
12
Сенбілік
Наурыз 2018 ж.

13
22 наурыз
"Ұлыстың Ұлы күні" мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен сайыстар
өткізу.

Наурыз 2018 ж.

14
Күлкі күніне
орай мамандықтар арасында "Жайдарман" сайысын өткізу.

Сәуір 2018 ж.

15
"Қозы
Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай мерекелік шара ұйымдастыру.

Сәуір 2018 ж.

16
1 мамыр
"Қазақстан Халқының бірлігі күніне" орай "Татулық-ел
бірлігі" атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізу.

Мамыр 2018 ж.

17
9 мамыр
"Ұлы Жеңіс" күніне байланысты "Ардагерлерді ардақтайық"
атты мерекелік іс-шара ұйымдастыру.

Мамыр 2018 ж.

18
Бітіруші
түлектерге арналған мерекелік кеш ұйымдастыру.

Маусым 2018 ж.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі әкімшілігі


А.Т.Ә.А.
Лауазымы
Байланыс номері
1
Тоимбетов Ережеп Дуйсенович
Колледж директоры
92-19-21.
2
Момбиева Улжалгас Абуовна
Оқу әдістемелік бойынша директордың орынбасары
92-19-19
3
Утебергенов Ерзат Шахатулы
Оқу тәжірибе және тәрбие бойынша директордың орынбасары
92-19-19
4
Байгонова Ардак Шарыкбаевна
Бас есепші
95-30-60
5
Сатбаева Каримаш Харисовна
Кадр бөлім меңгерушісі
95-60-77
6
Колдасова Кулайша Шаменовна
Оқу бөлім меңгерушісі
92-19-18
7
Тулегенова Жадыра Нурзаховна
Оқу әдіскері
92-19-19
8
Тажибаева Бақыт Сарыбайқызы
Сыртқы оқу әдіскері
92-19-19
9
Мусаев Алишер Сырлыбайұлы
Шаруашылық бөлім меңгерушісі
92-19-19
10
Намуратова Индира Абылкановна
Кітапхана меңгерушісі
92-19-19

БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

 

«Тартымды жылжымалы құрам және электрмен жабдықтау»  пәндік бірлестігінің  оқытушылар  құрамы


Оқытушының аты-жөні
Санаты
Байланыс үшін
1
Тоимбетов Е.Д.
І-санатты
2-қабат №202
2
Султанов Б.Г.
І-санатты
2-қабат №206
3
Бертаев Н.Д.
І-санатты
1-қабат №108
4
Ибраева А.К.
жоғары санатты
3-қабат №306
5
Утебергенов Е.Ш.
І-санатты
1-қабат №107
6
Саметаев Н.Ж.
ІІ-санатты
0-қабат шеберхана
7
Мұсабекова С.А.
І-санатты
3-қабат №308
8
Атамқұлов Б.Қ.
Санатсыз
2-қабат №201
9
Мырзатаев
М.Е.
ІІ-санатты
3-қабат №305
10
Танабаев Д.С.
жоғары санатты
3-қабат №308

«Автоматика, радиоэлектроника, тасымалдауды ұйымдастыру және жол шаруашылығы» пәндік бірлестігінің оқытушылар құрамы


Оқытушыныңаты-жөні
Санаты
Байланыс үшін
1
Шадыхожа А.Р.
жоғары санатты
1-қабат №105
2
Момбиева Ұ.А.
І-санатты
2-қабат №202
3
Тулегенова Ж.Н.
І-санатты
2-қабат №207
4
Керимбаев К.Т.
І-санатты
2-қабат №209
5
Султанова С.Б.
ІІ-санатты
3-қабат №303
6
Мирзаев Ф.Ф.
ІІ-санатты
3-қабат №302
7
Әбдешов П
ІІ-санатты
3-қабат №301
8
Баратова М
ІІ-санатты
3-қабат №302
9
Чалабаева А.И.
жоғары санатты
2-қабат №208
10
Мұқажанова Г.
І-санатты
3-қабат №301
11
Асқар А.
ІІ-санатты
2-қабат №208
12
Раман А.
санатсыз
2-қабат №202
13
Ахметов Т.
ІІ-санатты
0-қабат АТС
14
Қолдасова К.Ш.
І-санатты
2-қабат №203

«Жалпы техникалық пәндер» бірлестігінің оқытушылар құрамы


Оқытушының аты-жөні
Санаты
Байланыс
1
Абдимоминова Асия
жоғары санатты
4-қабат №402
2
Сауханова Жанат
жоғары санатты
4-қабат №409
3
Ералиев Берік
жоғары санатты
4-қабат №405
4
Нұрбетова Алмагул
жоғары санатты
4-қабат №408
5
Туймелиев Даулет
жоғары санатты
1-қабат №109
6
Кадырова Мейизгул
І-санатты
1-қабат №104
7
Жапанова Рахима
І-санатты
4-қабат №405
8
Туйгинбаева Жадыра
І-санатты
0-қабат №х\б
9
Олжабек Нағима
ІІ-санатты
4-қабат №410
10
Томанов Бахытжан
ІІ-санатты
Спорт зал
11
Сейтбек Ескендір
ІІ-санатты
4-қабат №401
12
Шыныбекова Аягөз
ІІ-санатты
4-қабат №404
13
Тойымбетов Бауыржан
ІІ-санатты
Спорт зал
14
Бердияров Амирбек
ІІ-санатты
4-қабат №406
15
Мауленов А.Ы
ІІ-санатты
4-қабат №411
16
Қалдыбеков Куандық
ІІ-санатты
4-қабат №402
17
Жантелі Айгерім
ІІ-санатты
4-қабат №408
18
Жұматаева Индира
ІІ-санатты
0-қабат №х\б
19
Сабир Айдана
санатсыз
1-қабат №104
20
Әбдікерім Қазыбек
санатсыз
Спорт зал
21
Тоғатай Мадина
ІІ санатты
4-қабат №409

БАЙЛАНЫС ҮШІН АҚПАРАТ

Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Аймауытов көшесі 1.

тел.: 8(7252) 92-19-19, 921-921

факс: 92-19-19

e-mail: [email protected]

Реквизит

БИН 070740005484

РНН 582100276848

ИИК  KZ17926080119V912000

АО ‹‹Казкоммерцбанк››

БИК КZKOKZKX

КБе 17

Индекс 160009

 Copyright © 2017 КАЗАТК Шымкент