Телефон:

+7 (7252) 92-19-19

+7 (7252) 95-60-77

 

 

|

Шымкент көлік колледжі қызметін ұйымдастыру туралы тәртібі

І.Жалпы ережелер

      Колледж өз қызметін «Білім туралы», «Кәсіпорын туралы», «Коммерциялық ұйымдар туралы», «Азаматтық кодекс», «Еңбек кодексі» заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және басқа да білім саласына қатысты мемлекеттік құқықтық-нормативтік актілерге, колледж жарғысына және осы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

      Колледж ережелері педагогикалық кеңесінде талқыланып, қабылданады, колледж бұйрығымен бекітіледі.

      Колледж директорын тағайындау, жұмыстан босату, мекемені қайта құру мен тарату құрылтайшының құзіретіне жатады. Мекеме білім беру қызметін сату, құрылтайшының қаражаты және басқа заңдарда тиым салынбаған жолдарымен қаржыландырылады.

      Колледж директоры өз орынбасарларын, бөлімше басшыларын, оқытушыларды, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады. Колледж құрылтайшысы бекітіп берген мүліктерді ҚР заңдарына сәйкес пайдаланады.

 

      Мекеменің басты міндеттері:

  • Жалпы білім және орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  • Қолданбалы түрдегі ғылыми зерттеулерді жүргізу;
  • Орта кәсіптік мамандарды даярлау;
  • Қоғам мүшелерінің адамгершілігі;
  • Интеллектуалдық;
  • Мәдени және дене дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін оқушыларды тоқтаусыз тәрбиелеу және оқыту, оларға білім беру.

       Колледжге оқушыларды қабылдау тәртібінің үлгі Ережесі негізінде таңдаған мамандықтары бойынша білім алушыларды колледж директоры белгілейді. Талапкерлер үшін жеңілдіктер әр жыл сайын директор бұйрығымен анықталады.

      Оқушыларды колледж есебіне алу, мамандықтар бойынша топтарды анықтау, басқа білім мекемесінен мекемеге, бір мамандықтан екіншісіне ауысу директор бұйрығымен рәсімделеді.

      Колледждің білім беру қызметін басқаратын орган - педагогикалық кеңес болып табылады. Оның құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Педагогикалық кеңес құрамы қажеттілігіне қарай әр жыл сайын өзгеруі мүмкін.

      Педагогикалық қызметпен айналысуға тиісті кәсіптік білім, ең кем дегенде 3 жыл пед өтілі бар азаматтар қабылданады.

      Колледжде оқу жылы бірінші қыркүйектен басталады.

      Оқу мерзімі жарғыда белгіленген жағдайларға сәйкес қысқартылуы, оқу бағдарламасын алдын-ала өту проңестері жүргізілуі мүмкін.

Жұмыс аптасы 5 күн болып белгіленген. Жұмыс уақыты сағат 8 30  ден 1730 ға дейін.

 

2. Колледждің міндеттері:

2.1. Сапалы мамандар даярлаудың барлық мүмкін шараларын жүргізу;

2.2. Материалдық-техникалық базасын нығайту;

2.3. Оқытушылардың шығармашылық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру, оған бағыт-бағдар беру;

2.4. Оқытушылардың оқыту - шеберліктерін, біліктілігін арттыру шараларын жүргізу;

2.5. Білім алушылар сапасын және оқыту сапасын арттыру бағытталған сабаққа қажетті оқу құралдарын, оқу көрнекіліктерін, лабораториялық тәжірибе оқу материалдарын қамтамасыз ету;

2.6. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта спорт, мәдени және ғылыми іс-шараларға, үйірмелерге қатыстыру;

2.7. Сабақтан тыс мезгілде қосымша білім беру қызметін, факультативтік сабақтар ұйымдастыру;

2.8. Оқушылардың білім сапасын анықтау мақсатында аралық бақылау, ағымдағы бақылау жұмыстарын жүргізу;

2.9. Білім алушылардың сабаққа жүйелі қатысуын қатаң бақылауға алу;

2.10. Білім алушылармен жасасқан келісім талаптарының, колледжішілік тәртіп ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау, ол талаптар бұзылған немесе білім алушылар тарапынан орындалмаған жағдайда ҚР құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес тиісті шара қолдану;

2.11. Еңбек тәртібінің бұзылмауын қамтамасыз етуге;

2.12. Жоғарғы басшы органдар алдында есеп беру;

2.13. Қызметкерлерге жалақы мен қызмет ақысын ай сайын төлеу;

2.14. Қызметкерлерді кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткізуге міндетті.

 

3. Колледждің құқықтары:

3.1. Барлық қызметкерлерден, оқушылардан еңбек тәртібінің, ішкі тәртіп ерекшеліктерінің, заң талаптарының, оқушылармен жасалған келісімдердің, еңбек шарттарының, қызметтік міндеттердің мүлтіксіз орындалуын талап ету;

3.2. Осы ереженің 3.1-тармағында көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда ҚР құқықтық-нормативтік актілер негізінде тәртіптік жаза беруге, келісімдерді «Жұмыс берушінің» немесе «Оқу орнының» бастамасымен бұзу;

3.3. Қызметкерлерді мекемеішілік басқа жұмысқа ауыстыру;

3.4. Қызметкерлерге Еңбек кодексінің 64-баптарына сәйкес тәртіптік жаза беру;

3.5. Қызметкерлерді еңбек кодексінің 85-шы және 86-баптарына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту;

3.6. Қызметкерлерден, оқушылардан колледж мүлкіне келтірілген залалы үшін өтемақы төлеттіру;

3.7. Педагог қызметкерлерден оқыту сапасы мен оқушылар білім сапасын арттыру жауапкершілігін талап ету;

3.8. Педагог кадрлардан оқыту процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалануды, ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибелерін жинақтауды, жетілдіруді, тақырыптық шығармашылық жұмыстарды талап ету; ,

3.9. Қызметкерлерден педагогикалық-қызметтік этиканы сақтауды талап ету;

3.10. Жазғы каникул кезінде жаңа оқу жылына оқушыларды жинау, тарту, үгіт-насихат, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді әр қызметкерге жүктеу;

 

4. Қызметкерлердің міндеттері:

4.1. ҚР Еңбек кодексі, «Білім туралы» және басқа қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілер мен мекемеішілік тәртіп ережелері, колледж жарғысы, еңбек шарты талаптарын және педагогикалық кеңес қаулыларын мүлтіксіз орындау;

4.2. Оқыту сапасын және оқушы білім сапасын арттыру, өзінің шығармашылық қызметін дамыту, ғылыми-әдістемелік жағынан біліктілігін көтеру;

4.3. Оқытудың жаңа инновациялық технологиясын меңгеру, пайдалану;

4.4. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын орындау, іске асыру, оқушылардың білім стандарты талабынан төмен емес деңгейде білім мен біліктерін, дағдысын қалыптастыру;

 

4.5. Орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу;

4.6. Күнделікті өткізетін сабақтарын ғылыми-әдістемелік бағытта дайындау, уақытты тиімді пайдалану,сабақтың жоспарын тиімді жүргізу;

4.7. Оқушылардың сабаққа жүйелі - қатысуын, үй тапсырмаларын жүйелі орындауын, сабақтан тыс уақытта қосымша әдебиеттерді пайдалануын қадағалау;

4.8. Колледж құпиялылығын жарияламау;

4.9. Педагогикалық, қызметтік әдептілік нормаларын сақтау;

4.10. Колледж қызметкерлерінің басқосуларына, жиналыстарына және педагогикалық кеңес отырыстарына қатысу;

4.11. Атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беру;

4.12. Колледж мүліктерін күтіп ұстау, сақтау;

4.13. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау;

4.14. Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысу, жазғы демалыс кезінде жаңа оқу жылына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;

4.15. Сеніп тапсырған қызметтік міндеттерін адал атқару, формальді іс-әрекеттерге жол бермеу;

4.16. Оқушылар білімдерін объективті бағалау:

4.17. Оқушыларға білім беруді сапалы тәрбие берумен ұштастыра жүргізу;

4.18. Білім алушылардың жеке-дара, шығармашылық қабілеттерін анықтау және оның дамуына ықпал ету;

4.19. Білім алушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны насихаттау, жыл сайын медициналық тексеруден тегін өтіп түру, жан-жақты білімді, білікті маман даярлау міндетті.

 

5. Қызметкерлердің құқықтары:

5.1. Кәсіби қызметін тиімді әрі сапалы, нәтижелі атқару үшін қажетті еңбек жағдайын талап ету;

5.2. Бекітілген ережелер талаптарына сәйкес біліктілігін көтеру, аттестациядан өту, тиесілі санат алу;

5.3. Жыл сайынғы ақылы кезекті еңбек демалысын пайдалану;

5.4. Жеке педагогикалық шығармашылық жұмыспен айналысу;

5.5. Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан көтермелеу;

5.6. Отбасы жағдайына, денсаулығына т.с.с. жағдайларға байланысты қысқа мерзімді жалақысыз демалыс алу;

 

5.7. Өз көзқарастарымен сенім білдіру еркіндігіне, сөз сөйлеу, пікірін айту, ұсыныс беру, талап ету;

5.8. Әкімшілік бұйрықтары жөнінде шағымдану;

5.9. Ғылыми зерттеу тақырыптарын еркін таңдау, оны педагогикалық қызметте пайдалану;

5.10. Өзінің кәсіптік ар-ожданын және кадір-қасиетін қорғау;

5.11. Еңбек шарты бойынша жұмыс берушіден алған міндеттердің орындалуын талап ету;

 

6.Білім алушылардың міндеттері:

6.1. Мамандығы бойынша жалпы орта білім беретін пәндер мен арнаулы пәндер, шеберлік пен практикалық дағдыларды толық меңгеру;

6.2. Оқу және практикалық сабақтардың барлық түрлеріне тиянақты қатысу, қатыса алмаған жағдайда оқу орнына себегітері туралы хабарлау, тиісті құжаттарды көрсету;

6.3. Оқытушылардың тапсырмаларын бұлжытпай орындау;

6.4. Мекемеішілік тәртіп ережелерін қатаң сақтау және жарғы талаптары мен колледжбен жасасқан келісім міндеттерін бұлжытпай орындау;

6.5. Салауатты өмір салтын сақтау, өзінің құқықтарын құрметтеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, өз ортасында абыройлы болуға ұмтылу;

6.6. Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысу;

6.7. Колледж мүлкін сақтау, күтіп пайдалану, бүлдіруге жол бермеу;

6.8. Оқу ақысын дер кезінде төлеу;

6.9. Емтихан, сынақтарға мүқият дайындалу, оны талап деңгейінде тапсыру;

6.10. Өзінің дене бітімі мен рухани дәрежесін жетілдіру;

 

7.Білім алушылардың құқықтары:

7.1. Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алу;

7.2. Мекеме кеңесінің шешімімен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарын, жеделдетілген білім беру бағдарламалары бойынша оқу;

7.3. Өзінің бейімділігі мен қажетіне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалану, білім алуға, баламалы курстар таңдау;

7.4. Мекемені басқаруға қатысу;

7.5. ҚР құқықтық-нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен оқу орнына қайта қабылдануға және біреуінен екіншісіне, мемлекеттік емес оқу орнынан мемлекеттік оқу орнына ауысу;

7.6. Колледж кітапханасының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалану, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілу;

7.7. Өз пікірін, ұсыныстарын еркін білдіру;

7.8. Өзінің құқығы мен қадір-қасиетінің құрметтелуі;

7.9. Оқудағы табыстары үшін көтермелену;

7.10. Бір немесе бірнеше мекемеде бір мезгілде оқу;

7.11. Мұғалімді ауыстыру жөнінде ұсыныс беруге;

7.12. Ғылыми зерттеу, жоба жұмыстарына қатысу;

7.13. Білім алушыларға қатысты мәселелерді шешуге қатысу;

7.14. Оқушылар (студенттер) қоғамдық бірлестіктерін құру;

7.15. Сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға, оны ұйымдастыру;

7.16. Өзінің рухани болмысын, дене бітімін жетілдіруге, түрлі секциялар мен қосымша сабақтарға, білім сайыстарына қатысу;

7.17. Қанағаттанарлық немесе одан төмен баға алған жағдайда оны көтеріңкі бағаға келтіру үшін қайта дайындалып келіп тапсыру;

7.18. Колледждегі электронды техникалық құралдарды пайдалану;

 

8.Мекеменің құрылымы, басқару тәртібі, құзіреті

8.1. Колледждің құрылымдық жүйесіне оқу, тәрбие, оқу-өндірістік, ғылыми-әдістемелік, кадрлар бөлімі, шаруашылық, есеп-қисап, бөлімшелері кіреді. Оган директордың орынбасарлары, бөлім басшылары басшылық жасайды.

8.2. Директор орынбасарларын, бөлім басшыларын колледж директоры еңбек шарты бойынша тағайындайды, олар директор алдында атқарылған қызметтік міндеттері жөнінде есеп береді.

8.3. Колледждің жоғары басқару органы педагогикалық кеңес болып табылады.

- Оқу-тәрбие мәселесін ұйымдастыру, жүзеге асыру туралы жоспарларды, комиссия құрамдарын, топ жетекшілерін, қызметтік міндеттер бөлісін, ережелерді педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелерді бекітеді;

- директор орынбасарлары мен бөлімше басшыларының, топ жетекшілерінің есебін тыңдайды;

- білім беру және тәрбие саясатына қатысты заңдылықтардың, қаулылардың, бүйрықтардың, шешімдердің орындалу барысын талқылайды;

- оқыту-тәрбие беру, мамандыққа даярлау процесін жетілдірудің неғұрлым тиімді жолдары жөнінде жоғары мемлекеттік басқару органдары мен құрылтайшының қарауына жіберілетін ұсыныстар қабылдайды;

8.4 кәмелетке жасы толмаған оқушыларды колледж есебінен шығару мәселесін қарайды;

8.5 оқу жылын аяқтау, оқушыларды емтихандарға жіберу, диплом беру, курстан курсқа көшіру мәселесін қарайды; оқушылар мен студенттер білім сапасы деңгейін анықтау туралы тексеру қорытындысын және семестр, сессия қорытындыларын қарап талқылайды;

8.6 колледж қызметкерлерін табысты еңбегі үшін көтермелеу немесе кемшіліктер үшін тәртіптік жаза беру мәселесін қарайды; барлық қаралатын мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдайды.

8.7 Педагогикалық кеңес аралығында ағымдағы жұмыстарды үйлестіру, ұйымдастыру, педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалу барысын анықтау, оқыту сапасын арттыруға бағытталған кабинеттер мен лабораторияларды жабдықтау, жарықтандыру, безендіру, көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, колледждегі ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібінің, қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, оқушылар мен студенттердің сабаққа қатысуы, колледждің санитарлық-гигиеналық жағдайы, оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы, әдістемелік комиссиялардың қызметі, тәжірибе жинақтау, тарату, жаңа инновациялық технологиясын енгізу, оқыту сапасы мен оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары және құжаттарды (журналдарды) ережелер талаптарына сай жүргізу, бағалардың объективтілігі туралы т.с.с. мәселелер қаралады. Қаулыларды орындау әр қызметкерлердің міндеті болып табылады;

8.8 Директор жанындағы мәжілісте жаңа оқу жылына, күзгі-қысқы мерзімге дайындық, ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, материалдық базаны нығайту, колледж ауласын көгалдандыру, білім алушылар мен педагог қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу, оқу-өндірістік практика, өндіріс орындарымен байланыс, оқу бағдарламасының орындалуы т.с.с. мәселелер талқыланады. Мәжілісте қаралған мәселелер туралы шешім шығарады, хаттамалар жүргізіледі.

8.9 Оқытушылар қызметін ғылыми-әдістемелік бағытта үйлестіру, инновациялық тұрғыда жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, тарату, оларға шығармашылық, ғылыми зерттеу жүмыстарымен айналысуға бағдар беру, ғылыми-әдістемелік еңбектерін жинақтау, әдістемелік кабинетті безендіру, оны түрлі әдебиеттермен, қосымша оқу материалдарымен, озық іс-тәжірибелер талдамаларымен, әдістемелік нұсқаулықтармен, журналдармен, брошюралармен.

8.10 Бөлімшелер жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі директор орынбасарлары мен бөлімше басшылырына жүктеледі.

8.11 Орынбасарлар мен бөлімше басшыларының қызметтік міндеттері педагогикалық кеңесте бекітіледі, бұйрықпен рәсімделеді.

8.12 Басшылық құрамы мүшелері қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін, жоспарларын талап деңгейіне сай орындауына күнделікті бақылау жасайды және жауап береді. Өзі қызметтік әдептілікті сақтай отырып қызметкерлерге принциптілік талап қояды, қызметкерлер тарапынан колледждің ішкі және еңбек тәртібінің бұзылуына, оқу-тәрбие процесінің қалыпты деңгейден төмендеуіне жол бермеу шараларын қарастырады.

8.13 Директор орынбасарлары мен бөлім басшылары қабылданған іс- жоспарлардың толық орындалуына тікелей жауапты болады. Жоспарланған іс-шараны жүзеге асыру үшін қызметкерлерді жұмылдырады, іс-шараның сапалы өтуін қадағалайды.

8.14 Оқушылар мен студенттер білім сапасын анықтау мақсатында әкімшілік тарапынан бақылау жүмыстарын алуды үйымдастырады, комиссия қүрады, қорытындысы туралы педагогикалық кеңестің қарауына шығарады.

8.15 Орынбасарлар мен бөлімше басшылары өздерінің қызметтік міндет бөлістері шеңберінде директор алдында және педагогикалық кеңесте есеп береді.

8.16 Колледж қызметкерлері тарапынан ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібі бүзылған жағдайда баяндау хат арқылы колледж директорынан тәртіптік жаза қолдану туралы талап қояды.

8.17 Орынбасарлар мен бөлімше меңгерушілері өз қызметтік міндеттері бойынша іс-қағаздарының іс номенклатурасына сәйкес жүргізеді, оған тікелей жауапты болады.

8.18 Оқу жылының соңынан жаңа оқу жылына дейін колледжге талапкерлерді тарту, жинау, үгіт-насихат, кәсіптік бағдар беру жүмыстарын жүргізу мәселесімен тікелей шүғылданады. Жаңа оқу жылындағы білім алушылар санын қажетті мөлшерге дейін жеткізудің барлық мүмкін шараларын жүргізеді.

 Copyright © 2017 КАЗАТК Шымкент